Қарағанды облысы Қаржы басқармасының 2018 жылы атқарылған жұмыстары және 2019 жылға арналған жоспарлары туралы есебі

Облыстық бюджеттің әлеуметтік бағыты

Бюджет облыстың тіршілік әрекетінің барлық салаларында маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін теңгерімді және мөлдір бюджет құру қажет екенін бірнеше рет атап өтті.

Қазақстан Республикасында жүргізілетін бюджет саясаты мемлекеттік қаржының теңгерімділігіне және әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығына, атап айтқанда:

- бюджеттік шығыстарды әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыруға;

- бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға – осы мақсаттарға қол жеткізу үшін бюджеттік шығындарды басқарудан нәтижелерді басқаруға көшу іске асырылатын, яғни бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мақсатты индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін жауапкершілігін күшейту; бюджеттің ағымдағы шығыстарын оңтайландыру және жеке сектордың ортақ жауапкершілігін кеңейту; бюджетке түсетін жүктемені төмендету ретінде МЖӘ механизмдерін дамыту;

- фискалдық орталықсыздандыруға;

- мемлекеттік қаржыны есепке алуға және басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қаржы басқармасының қызметі бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару және есептілікті жасау саласындағы шаралар кешенін орындауға бағытталған.

2018 жылы облыстық бюджетке (бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінен трансферттер мен бюджеттік кредиттерді ескере отырып) түсімдер 224,6 млрд.теңгені құрады немесе өткен жылдың деңгейіне қарағанда 101,3% өсті. 2017 жылмен салыстырғанда түсімдер бойынша орындалуы 100,6% құраған, бұл дегеніміз оң динамиканы көрсетеді.

Облыстық деңгейдегі кірістер бойынша жоспар (трансферттер мен бюджеттік кредиттерді есепке алмағанда) 104,8% - ға орындалды және 61,3 млрд.теңгені құрады, облыс өңірлерінің кірістері бойынша (трансферттер мен бюджеттік кредиттерді есепке алмағанда) 105% - ға орындалды және 93,6 млрд. теңгені құрады.

Кірістер бойынша жоспардың орындалуын облыстың барлық 18 ауданы мен қалалары қамтамасыз етті. Жалпы, бюджеттің кіріс бөлігінің асыра орындалуы салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуі есебінен қамтамасыз етілді.

Түсімдер бойынша жоспардың орындалуы өңірде бюджеттік тұрақтылықты және әлеуметтік міндеттемелердің толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мәселен, бюджеттің негізгі әлеуметтік бағыттары: жалақы, стипендия төлеу; халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдау және азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету болып табылады.

2018 жылға арналған облыстық бюджеттің шығыстары 204,5 млрд. теңге сомасында бекітілді, бюджеттің түзетулерін ескере отырып, олардың көлемі 222,9 млрд.теңгені құрады. Әлеуметтік салаға бағытталған шығыстар 63 млрд.теңге сомасында қалыптасты, олардың өсуі жыл ішінде бекітілген бюджеттен 3,8 млрд. теңгені құрады.

Мемлекет басшысының "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа Жолдауын іске асыру аясында:

-жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға гранттар беруге;

-колледж студенттерін жатақханалармен қамтамасыз етуде Балқаш, Абай және Қарағанды қалаларындағы колледждердің жатақханаларына жөндеу жүргізуге және материалдық-техникалық базасын нығайтуға және Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжіне арналған жатақхана құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат бөлінді.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде республикалық және облыстық бюджет есебінен тең негізде жолдарды жөндеуге қаржыландыру 3,7 млрд.теңгеге ұлғайтылды. Өткен жылы күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 13,8 млрд.теңге бөлінді. Шағын және орта бизнесті тұрақты дамыту үшін экономикалық қызметтің барлық салаларында 2018 жылы 26,9 млрд.теңге бағытталды, олардың ішінде Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыруға 8,3 млрд. теңге.

Су тасқыны кезеңінде мүмкін болатын проблемаларға жедел әрекет ету үшін арнайы техника сатып алуға және су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге қаражат бөлінді.

2018 жылы даму бюджеті 35,1 млрд.теңгені немесе бюджеттің жалпы көлемінің 15,7% - ын құрады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде төрт мектеп (Қарағанды қ., Теміртау қ. және Ақтоғай аудандарында), үш дене шынықтыру-сауықтыру кешеннің (Абай, Қарқаралы және Шет аудандарында) және үш отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның (Жаңаарқа, Нұра және Қарқаралы аудандарында) құрылысы бойынша жұмыстар жалғастырылды.

Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарында 2015 жылғы су тасқыны кезінде қираған үш көпірді қайта құру аяқталды.

"Нұрлы жер" және "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" шеңберінде облыста мынадай жобаларды іске асыру жүзеге асырылады:

- Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Саран, Шахтинск қалаларында, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Жаңаарқа, Нұра және Осакаров аудандарында тұрғын үй және оларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу;

- Қарағанды, Жезқазған, Қаражал, Приозерск, Абай, Жаңаарқа, Нұра, Осакаровка, Ұлытау және Шет аудандары сумен жабдықтаумен және су бұрумен қамтылған.

Астананың 20 жылдығына орай біздің облыс Астана қаласында "Қазақ еліне мың алғыс"монументін тұрғызды.

Өткен жылы 2,6 млрд. теңге сомасында бағалы қағаздар шығару арқылы қаражатты қосымша қарызға алу жүргізілді. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде осы қаражат есебінен Балқаш, Жезқазған, Қарағанды қалаларында тұрғын үй құрылысы басталды.

"Шахтинсктеплоэнерго" ЖШС бас өндірістік корпусының аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға Қарағанды облысы әкімдігінің резерві есебінен 0,3 млрд.теңге сомасында қаражат бөлінді.

2018 жылы облыстық бюджет шығыстар бойынша 222,7 млрд.теңгеге немесе 99,9% орындалды.

2019 жылға бюджетті қалыптастыру кезінде облыстық бюджеттің көлемі 236,4 млрд.теңгені құрайтын бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру жалғастырылды.

Бюджеттің жалпы көлемінен шығыстардың үштен бірі әлеуметтік саланың шығыстарына бағытталған. Осы бағыт бойынша абсолютті мәнде шығыстар 70 млрд.теңгені құрайды. 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл шығыстар 11 млрд.теңгеге ұлғайды.

2017 жылдан бастап жыл сайын облыстық бюджетте білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілеріне кезең-кезеңмен жөндеу жүргізуге және олардың материалдық-техникалық базасын жаңартуға қаражат көзделеді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2019 жылы 6,4 млрд.теңге бағытталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ең төменгі жалақының бір жарым есе (28 мыңнан 42,5 мың теңгеге дейін) өсуіне байланысты бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жекелеген санаттарының еңбекақысын көтеру ескерілген. Бұл мақсатқа 6,4 млрд.теңге қарастырылған.

2019 жыл-Жастар жылы деп жариялануына байланысты, облыстық бюджетте жастар саясаты саласында қосымша іс-шараларды іске асыру шығындары ескерілген.

Биылғы жылы шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту бойынша жұмыстар жалғасады. Осы бағытқа бюджетте 25,3 млрд.теңге сомасында қаражат ескерілді, оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға 8,5 млрд. теңге.

Өткен кезеңде де, осы жылы да облыс жолдарын жөндеу жұмыстарына тепе-тең негізде қосымша қаражат бөлу жалғастырылады. Осы мақсаттарға бюджетте 9,3 млрд. теңге сомасында қаражат ескерілді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына түзетулер енгізілгеннен кейін, облыстық бюджет қаражаты есебінен Мемлекет басшысының "7-20-25"ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны төмендету жөніндегі тапсырмасы іске асырылатын болады.

Даму бюджетін қалыптастыру кезінде тиімді Бюджеттік инвестициялық саясатты жүргізу үшін инвестицияларды жоспарлау экономиканың тұрақтылығы мен орнықты дамуының кепілі ретінде инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді міндеттерді ескере отырып жүзеге асырылады.

2019 жылға даму бюджеті 29,6 млрд.теңгені немесе бюджеттің жалпы көлемінің 12,5% - ын құрады.

Ағымдағы жылы әлеуметтік сала нысандары, тұрғын үй құрылысы, жылу, сумен жабдықтау, су бұру объектілерінің құрылысы жалғасады.

Әлеуметтік салада: Қарағанды және Жезқазған қалаларында 2 мектеп; Сәтбаев қаласында оқушылар сарайы; Абай және Қарқаралы аудандарында 2 дене шынықтыру және сауықтыру кешені, Қарағанды қаласында жедел жәрдем кіші станциясы және Қарқаралы және Нұра аудандарында 2 дәрігерлік амбулатория салу жөніндегі жобалар іске асырылатын болады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Қарағанды облысына сапары барысында берген тапсырмасын орындау аясында ағымдағы жылы Қарағанды қаласында балалар мен жасөспірімдер сарайының құрылысы басталады. "Қарағанды қаласында бассейннің құрылысы" жобасының жобалық-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптама алғаннан кейін облыста осы объектіні іске асыруға кірісу жоспарлануда.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы айтқан бес әлеуметтік бастаманың аясында, жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама алғаннан кейін, ағымдағы жылы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжіне арналған жатақхана құрылысын бастау жоспарлануда.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстың 9 өңірінде тұрғын үйлер мен оларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу іске асырылатын болады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында облыстың 6 өңірі сумен және су бұрумен қамтылатын болады, Шахтинск қаласының Шахан кентінде қазандық құрылысы басталады және Қарағанды мен Жезқазған қалаларында жылу желілерін қайта жаңарту жалғастырылады.

Облыстың жергілікті атқарушы органының 2019 жылға арналған резервінде ең жоғары көлемде - 1,1 млрд.теңге сомасында қаражат жоспарланды, бұл облыс аумағында қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай туындаған жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

2019 жылы Қаржы басқармасы Мемлекет Басшысы қойған тапсырмалар мен міндеттерді іске асыру, сондай-ақ бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 

 

Қарағанды облысы

Қаржы басқармасы 

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88, 8 (7212) 50 56 22

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (8212) 50 56 22 
сенім телефонына хабарласа аласыз.