Қарағанды облысының 2018 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы

2018 жылдың қаңтар-ақпан қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің оң серпініне қол жеткізілді.

Жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі 3,4%-ға немесе 2 882,1 млрд.теңгеге қамтамасыз етілді (2017 жылдың 9 ай қорытындысы).

Өнеркәсіптік өнім 5,1% өсіммен 469,9 млрд. теңгеге өндірілді. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 379,2 млрд. теңгені немесе сәйкес кезеңге 116,3% құрады.

Индустрияландыру картасының шеңберінде 2018 жылы 689 жаңа жұмыс орындарын құрумен 41,5 млрд.теңге сомасына 4 жобаны іске асыру жоспарланады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 14,9 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 105,4%.

Ірі қара мал басы 5,3%-ға, жылқы басы 6,2%-ға, құс қорлары 19,4%-ға артты. Ет өндірісі 2,4%-ға, сүт өндірісі 1,9%-ға, жұмыртқа өнімі 39,9%-ға өсті.

2018 жылдың қаңтар-ақпан айында 52,1% өсумен негізгі капиталға 37,2 млрд. теңге инвестиция құйылды.

Құрылыс жұмыстары 7,3 млрд. тенгеге орындалды, нақты көлем индексы – 100,5%.

68,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды.

Әрекеттегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2018 жылдың 1 наурызына 79 838 бірлікті құрады.

2017 жылдың 4 тоқсанында орташа айлық еңбекақы 7,9%-ға өсті (146 965 теңге).

2018 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша облыс бюджеті 284,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, несиелер және трансферттер – 49,9%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 148,5 млрд. теңге бағытталды (52,1%), оның ішінде білім беруге – 101,8 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 8,4 млрд.теңге. 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында мемлекеттік бюджетке 99,7 млрд. теңге көлемінде кірістер түсті.

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (7212) 50 77 88
сенім телефонына хабарласа аласыз.