Кенттердің дербес бюджеттерін енгізу (бюджеттің 4-деңгейі)

     Облыста 202 кент әкімдіктері жұмыс істейді.

     2017 жылдың желтоқсанында, тұрғындар саны 2 мың адамнан асатын елді мекендердің, ондайлар біздің облысымызда 47, дербес бюджеттері бекітілді.

     Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің көлемі 5,8 млрд.теңгені құрады.

     Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттінің көлемінде жоғары тұрған бюджеттерден берілген субвенция 4,6 млрд. теңгені немесе жалпы бюджеттер көлемінің 79,3% құрайды, салық түсімдері – 0,7 млрд.теңге (12,1%), нысаналы трансферттер – 0,5 млрд.теңге (8,6%).

     Шығыстар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, абаттандыруға, жарықтандыруға, жолдарды жөндеу және ұстауға - 2,2 млрд. теңге, мектепке дейінгі тәрбиеге -1,9 млрд. теңге, басқару аппараттарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге - 1,3 млрд. теңге, мәдени-сауық іс-шараларына және басқаларға - 0,2 млрд. теңге, бағытталған.

     2020 жылдан бастап Облыстың қалған барлық 155 елді мекендерінің дербес бюджеттері бекітілетін болады.

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88, 8 (7212) 50 56 22

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (8212) 50 56 22 
сенім телефонына хабарласа аласыз.