Қарағанды облысының 2017 жылдың қантар-желтоқсан айының әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің оң серпініне қол жеткізілді.

Жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі 3,4%-ға немесе 2 882,1 млрд.теңгеге қамтамасыз етілді (2017 жылдың 9 ай қорытындысы).

Өнеркәсіптік өнім 4,1% өсіммен 2 259,2 млрд. теңгеге өндірілді. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 1 770,7 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың деңгейіне 103,2% құрады.

Индустрияландыру картасының шеңберінде 2017 жылы 301 жаңа жұмыс орындарын құрумен, 7,7 млрд.теңге сомасына 8 жоба іске асырылған.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 246,5 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,6%.

Ірі қара мал басы 5,5%-ға, жылқы басы 6,4%-ға, құс қорлары 19,4%-ға артты. Ет өндірісі 4,0%-ға, сүт өндірісі 4,6%-ға, жұмыртқа өнімі 1,2%-ға өсті.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 10,2% өсумен негізгі капиталға 358,8 млрд. теңге инвестиция құйылды.

374,1 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды.

Әрекеттегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2017 жылдың 1 желтоқсанында 79 276 бірлікті құрады.

2017 жылдың 3 тоқсанында орташа айлық еңбекақы 5,2%-ға өсті (130 174 теңге).

2017 жылдың 1 қантардағы жағдай бойынша облыс бюджеті 306,7 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, несиелер және трансферттер – 55,6%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 161,1 млрд. теңге бағытталды (52,5%), оның ішінде білім беруге – 96,2 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 29,4 млрд.теңге. 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мемлекеттік бюджетке 340,4 млрд. теңге көлемінде кірістер түсті.

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (7212) 50 77 88
сенім телефонына хабарласа аласыз.