ПРЕСС-РЕЛИЗ

2017 жылғы 12 желтоқсанда бекітілген 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет әлеуметтік салада қабылданған барлық міндеттемелер мен бастамалардың сақталуын, облыстың қауіпсіздігін, көліктік, логистикалық инфрақұрылымның және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың дамуын сақтауды қамтамасыз етеді.

2018 жылға бекітілген бюджеттің көлемі 204,5 млрд.теңгені құрады.

Бюджеттің жалпы көлемінің шамамен 30%-ы әлеуметтік сала шығыстарына бағытталады. Осы бағыт бойынша абсолюттік мәндегі шығыстар 59,1 млрд. теңгені құрайды.

2017 жылдан бастап облыстық бюджеттің қаражаты есебінен білім беру және денсаулық сақтау объектілерінде кезең-кезеңмен жөндеу жұмыстарын жүргізу және олардың материалдық-техникалық базасын жаңарту жалғасуда. Осы мақсатқа 9,5 млрд. теңге көзделген.

2018 жылы нақты сектордың шығыстары 2017 жылдың  базасы деңгейінде сақталады, оның ішінде: облыс жолдарын жөндеу – 11,6 млрд. теңге, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы – 16,3 млрд. теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту – 2,8 млрд. теңге, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау – 2,9 млрд. теңге,  табиғат қорғау және су тасқынына қарсы іс-шаралар – 0,5 млрд. теңге.

Өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 14 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде күрделі шығыстары 2,4 млрд. теңге.

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, тұрғын үй құрылысы объектілерін, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру және көлік инфрақұрылымы объектілерін салу саласындағы даму бюджетінің көлемі 33 млрд. теңгені құрайды немесе бюджеттің жалпы көлемінің 16,1%-ы.

Сондай-ақ, шығыстар құрамында аудандар мен қалаларға 54,2 млрд.теңге сомасындағы субвенция және 1 млрд.теңге әкімдік резерві ескерілді.

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88, 8 (7212) 50 56 22

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (8212) 50 56 22 
сенім телефонына хабарласа аласыз.