Қарағанды облысының 2017 жылдың қантар-қазан айының әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы.

2017 жылдың қаңтар-қазан қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштерінің оң серпініне қол жеткізілді.

Жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі 4,7%-ға немесе 1 707 млрд.теңгеге қамтамасыз етілді (2017 жылғы 1 жарты жылдық қорытындысы бойынша).

Өнеркәсіптік өнім 4,1% өсіммен 1 819,6 млрд. теңгеге өндірілді. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 1 419,6 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың деңгейіне 103,1% құрады.

Индустрияландыру картасының шеңберінде 2017 жылы 301 жаңа жұмыс орындарын құрумен 7,7 млрд.теңге сомасына 8 жобаны іске асыру жоспарланған.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 210,0 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 100,0%.

Ірі қара мал басы 3,0%-ға, жылқы басы 4,8%-ға, құс басы 4,0%-ға артты. Ет өндірісі 4,1%-ға, сүт өндірісі 4,9%-ға өсті.

2017 жылдың қаңтар-қазанайында 3,8% өсумен негізгі капиталға 258,4 млрд. теңге инвестиция құйылды.

331,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенді субъектілерінің саны 2017 жылдың 1 қарашасында 80 688 бірлікті құрады.

2017 жылдың 3 тоқсанында орташа айлық еңбекақысы 5,2%-ға өсті (130 174теңге).

2017 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша облыс бюджеті 306,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, несиелер және трансферттер – 55,2%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 162,8 млрд. теңге бағытталды (53,1%), оның ішінде білім беруге – 96,8 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 30,1 млрд.теңге. 2017 жылдың қаңтар-қазан айларында мемлекеттік бюджетке 257,1 млрд. теңге көлемінде кірістер түсті.

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (7212) 50 77 88
сенім телефонына хабарласа аласыз.