Қарағанды облысының 2017 жылдың қаңтар-тамыз айындағы әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы

2017 жылдың қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштерінің оң серпіні байқалды.

Жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі 5%-ға немесе 820 млрд.теңгені құрады (2017 жылғы 1 тоқсан қорытындысы бойынша).

Өндірілген өндірістік өнім көлемі 4,8% өсімімен немесе 1421,1 млрд.теңгеге өндірілді. Оның ішінде, қайта өңдеу өндірісінің өнім көлемі 1106,7 млрд.теңгені немесе 2016 жылдың деңгейіне 103,7% құрады.

Индустриализация картасының шеңберінде 2017 жылы 501 жаңа жұмыс орындарын құрумен 9,3 млрд.теңге сомасына 9 жоба іске асыруға жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін жалпы өнім көлемі 114,7 млрд.теңгені құрады.

Ірі қара басы 2,7%-ға, жылқы басы 5,8%-ға, құс басы 8,9%-ға артты. Ет өндірісі – 2,3%, сүт өндірісі – 4,3%-ға артты.

2017 жылдың қаңтар-тамыз айында негізгі капиталға 167,7 млрд. теңге инвестиция құйылды.

243,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенді субъектілерінің саны 2017 жылдың 1 қыркқүйекке 80707 бірлікті құрады.

2017 жылдың 2 тоқсанында орташа айлық еңбекақысы 4,7%-ға өсті (131970 теңге).

2017 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша облыс бюджеті 300,6 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, несиелер және трансферттер – 54,5%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 164,1 млрд. теңге бағытталды (54,6%), оның ішінде білім беруге – 97,1 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 31,1 млрд.теңге. 2017 жылдың қаңтар-тамыз айындағы мемлекеттік бюджетке 217,6 млрд. теңге көлемінде кірістер түсті.

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (7212) 50 77 88
сенім телефонына хабарласа аласыз.