Қарағанды облысының 2017 жылғы қаңтар-шілде айындағы әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы.

Жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі 5% немесе  819,9 млрд. теңгені құрады. (2017 жылғы 1 тоқсанқорытындысы бойынша).

7 айда өнеркәсіптік өндірістің көлемі 1 227,1 млрд. теңге немесе 2016 жылдың деңгейіне 104,7% өндірілді.

Кәсіпкерлікті қолдау Картасынының шеңберінде ағымдағы жылы 500 аса жаңа жұмыс орындарын құрумен 9,3 млрд.теңге сомасына  іске асыруға жоспарланған 9 жобадан 3,4 млрд.теңгеге 3 жоба іске қосылды,  159 жұмыс орны құрылды.

Ауыл шаруашылығында 86,8 млрд. теңгеге немесе 2016 жылдың деңгейіне 101,7% көлемінде жалпы өнім өндірілді.

Ірі қара мал басы 2,6%-ға, жылқы басы 5,6%-ға, құс басы 4,4%-ға, шошқа басы 4,8%-ға артты. Ет өндірісі – 2,2%, сүт өндірісі 4,7%-ға артты.

Негізгі капиталға инвестициялар 141,4 млрд. теңгені құрады. Инвестиция құрылымында 74,9% - меншікті қаражат, 17,8% - бюджеттік қаражат, 4,6% - банктердің кредиттері, 2,7% - басқа да қарыз қаражаты құрады.

Құрылыс жұмыстары 62,4 млрд. теңге сомасына орындалды, баспананың 195,3 мың ш. метрі енгізілді.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенді субъектілерінің саны 2017 жылдың 1 тамызға 3,6% ұлғайды, 79 951 бірлік.

Облыс бюджеті 2017 жылдың 1 тамыз жағдайы бойынша 300,6 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, несиелер және трансферттер – 54,5%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 164,1 млрд. теңге бағытталды (54,6%), олардан білім беруге – 97,1 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 31,1 млрд. теңге. 2017 жылдың қаңтар-шілде мемлекеттік бюджетке 187,7 млрд. теңге көлемінде кірістер түсті.

2017 жылдың шілде айында 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, тұтыну бағасының индексі 104%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 105,6%, азық-түліктік емес тауарларға – 103,3%, ақылы қызметтерге – 102,7%-ды құрады.

Әлеуметтік сала.

Жұмыспен қамту қызметі арқылы 29 287 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 4 747 адам бағытталды.

Жұмыссыздық деңгейі – 4,8% (2017 жылдың 2-тоқсаны) құрады.

Орташа айлық еңбекақы 2017 жылдың 2 тоқсанында 4,7%-ға ұлғайып, 131 970 теңгені құрады.

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (7212) 50 77 88
сенім телефонына хабарласа аласыз.