Қарағанды облысының 2017 жылғы қаңтар-маусым айындағы әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы.

Жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі 5% немесе  819,9 млрд. теңгені құрады. (2017 жылғы 1 тоқсанқорытындысы бойынша).

6 айда өнеркәсіптік өндірістің көлемі 1054,4 млрд. теңге немесе 2016 жылдың деңгейіне 104,9% өндірілді.

Индустриализация картасының шеңберінде 2017 жылы 376 жаңа жұмыс орындарын құрумен 5,6 млрд. теңге сомасына 5 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда (2016 жылы 102,9 млрд. теңге сомасына 10 жоба, 956 жаңа жұмыс орны құрылды).

Ауыл шаруашылығында 66,3 млрд. теңгеге немесе 2016 жылдың деңгейіне 102,2% көлемінде жалпы өнім өндірілді.

Ірі қара мал басы 2,6%-ға, жылқы басы 7,2%-ға артты. Ет өндірісі – 2,6%, сүт өндірісі 5,8%-ға артты.

Негізгі капиталға инвестициялар 122,1 млрд. теңгені құрады. Инвестиция құрылымында 76,5% - меншікті қаражат, 16,2% - бюджеттік қаражат, 4,7% - банктердің кредиттері, 2,6% - басқа да қарыз қаражаты құрады.

Құрылыс жұмыстары 50,9 млрд. теңге сомасына орындалды, баспананың 162,1 мың ш. метрі енгізілді.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенді субъектілерінің саны 2017 жылдың 1 маусымына 2,5% ұлғайды, 79 672 бірлік.

Облыс бюджеті 2017 жылдың 1 шілде жағдайы бойынша 288,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, несиелер және трансферттер – 56,8%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 162,1 млрд. теңге бағытталды (55,1%), олардан білім беруге – 96,1 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 30,8 млрд. теңге. 2017 жылдың қаңтар-мамырда мемлекеттік бюджетке 167,8 млрд. теңге көлемінде кірістер түсті.

2017 жылдың маусым айында 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, тұтыну бағасының индексі 104,3%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 107,2%, азық-түліктік емес тауарларға – 102,8%, ақылы қызметтерге – 102,2%-ды құрады.

Әлеуметтік сала.

Жұмыспен қамту қызметі арқылы 18 010 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 4 123 адам бағытталды.

Жұмыссыздық деңгейі – 4,9% (2017 жылдың 1-тоқсаны) құрады.

Орташа айлық еңбекақы 2017 жылдың 1 тоқсанында 7,3%-ға ұлғайып, 127 254 теңгені құрады.

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (7212) 50 77 88
сенім телефонына хабарласа аласыз.