2017 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау өткізу

2017 жылдың 29 маусымында 2017 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау өткізілді.

2017 жылға облыстық бюджетке өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес жүргізілді.

2017 жылға нақтыланған облыстық бюджеттің жобасында түсімдер және шығыстар бойынша өзгерістер ескерілген.

         Шығыстардың құрамында білім беруге 2017 жылдың 2-ші жарты жылдығына экономикалық өсімге қол жеткізу бойынша іс-қимыл жоспары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау, мүгедектерді әлеуметтік қолдау, азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік құралдармен қамтамасыз ету, денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарының күрделі шығыстары, Қазыбек Келдібекұлының 350-жылдығына орай іс-шараларды өткізуді әзірлеу, облыстағы су тасқынына қарсы іс-шаралар, жолдарға жөндеу жүргізу, ТКШ нысандарын жөндеу, көлік инфрақұрылымын дамыту, облыстың құрама командалары мүшелерінің әртүрлі спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы, ауыз су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар, ішкі істер және төтенше жағдайлар департаменттерін материалдық-техникалық жарақтандыру, бюджеттік кредиттерді өтеу, тұрғын үйлерге ИКИ құрылысы, облыстағы тұрғын үй құрылысын қоса қаржыландыру және басқа да шығындар қосымша ескерілді. 

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88, 8 (7212) 50 56 22

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (8212) 50 56 22 
сенім телефонына хабарласа аласыз.