Облыс экономикасының 2017 жылғы 4 айындағы өсу қарқыны туралы

Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде Қарағанды облысы бойынша барлық негізгі көрсеткіштері бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімі қамтамасыз етілді.

Жалпы өңірлік өнім көлемі (2016 жылдың қорытындысы бойынша) 3 трлн. 652 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5% - ға өсті. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 2638,7 мың теңге.

Өнеркәсіп өсімі 5,5%-ға (701,1 млрд. теңге), оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде - 4,1% (525,9 млрд. теңге).

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 0,7%-ға артты (32,1 млрд. теңге), құрылыс жұмыстары -3,8% (25,2 млрд. теңге), көлік қызметі – 0,6% (жолаушылар айналымы - 0,9%, жүк айналымы – 0,3%). Бөлшек сауда көрсеткіші 6,3%-ға артты (223,7 млрд. теңге). ШОБ субъектілерінің саны 2%- ға өсті (79,5 мың бірлік).

Инвестициялар өсімі 1,2%-ға қамтамасыз етілді (66,2 млрд. теңге).

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 18%-ға ұлғайды (12,3 млрд. теңге). 114,3 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді (жоспарға 111% және өткен жылдың сәйкес кезеңіне 112,6%).

Экономиканың барлық салаларында 2 781 жұмыс орны құрылды.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады (2017 жылдың 1-тоқсаны), 2016 жылдың деңгейінде, инфляция – 102,8%.

Орташа айлық жалақы ағымдағы жылдың басынан бері 7,3%-ға өсті    (2017 ж. 1-тоқсаны 127254 теңге).

Мемлекеттік бюджетке 126,1 млрд. теңге немесе жоспарға 122,6% түсті. Соның ішінде, жергілікті бюджетке - 42,8 млрд. теңге немесе 106,8%-ға орындалды. Бюджеттің шығыс бөлігі 74 млрд. теңгеге игерілген (99,4%).

2017 жылға облыс экономикасының өсуінің индикаторы 1,8%-ға белгіленді (3 трлн.563 млрд. теңге), оның ішінде өнеркәсіпте - 1,9% (1,9 трлн.теңге), ауыл шаруашылығында - 1,7% (235 млрд. теңге), құрылыста - 1% (150,4 млрд. теңге), көлік – 4,1% (373 млрд. теңге), сауда – 0,3% (710 млрд. теңге).

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88, 8 (7212) 50 56 22

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (8212) 50 56 22 
сенім телефонына хабарласа аласыз.