2017 жылдың 1-тоқсанындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң серпіні қамтамасыз етілді.

Облыс экономикасының жоспарланған 1,8% өсіміне қол жеткізу үшін аудандар мен қалалардың экономикалық өсуін қамтамасыз ету бойынша 2017 жылға арналған іс-шаралар Жоспары әзірленді және өзектендірілді.

Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар Жоспарын іске асыру нәтижесінде келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

өнеркәсіптің өсуі - 5,4% - ға, өндірілген өнім 522 млрд. теңге, оның ішінде:

өңдеуші салада өндіріс көлемі 3,5% - ға өсіп, 388,9 млрд. теңгені құрады.

Тау-кен өндіру саласының өнімі 16,5% өсіммен 70,2 млрд. теңгеге өндірілді.

Өнеркәсіпте өсімнің оң қарқынына Сәтбаев қ., Жаңаарқа ауданынан басқа, барлық өңірлермен қол жеткізілді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің саны шағын және орта кәсіпкерліктің  заңды тұлғалары санының 9,7% - ға өсуі есебінен 1,4%-ға (79 256 бірлік) артты.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (46,3 млрд. теңге) 2,7 пайызға өсті.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі өсуінің оң қарқынына Қарағанды қ., Жезқазған қ., Шахтинск қ., Қаражал қ., Абай ауданы, Бұқар-Жырау ауданы қол жеткізбеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі мал шаруашылығы өнімі көлемінің 0,3% - ға артуының есебінен 24 млрд. теңгені құрады.

Мал басының өсуі (ірі қара мал саны 2,3%, жылқы - 6,6%), құс (5,2%), ет өндіру (0,7% - ға, 23 мың тонна), сүт (6,2%, 64 мың тонна) сақталуда.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін жалпы шығару Бұқар жырау ауданынан басқа, барлық өңірлермен қамтамасыз етілген.

Құрылыс жұмыстарының көлемі ағымдағы жылдың 1 тоқсанында өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 1,9%-ға төмендеді және көлемі 11,9 млрд. теңгені құрады. 86,3 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді (113,6%).

Сауда көрсеткіштері 7,5% - ға (164,9 млрд. теңге), көлік – 0,9% - ға (жүк - 0,6% - ға, жолаушылар айналымы – 1,1% - ға) ұлғайды.

2017 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша кірістер бойынша жоспардың орындалуы 34,8 млрд. теңгені құрады немесе 113,6% (30,7 млрд. теңге). Барлық 18 өңірлермен меншікті кірістер жоспары орындалды.

Облыс бюджетінің шығыс бөлігі 47,8 млрд. теңгеге немесе жоспарға 99,7% (48 млрд. теңге) орындалды.

Әлеуметтік салада.

Орташа айлық жалақы 14,2% - ға (136,2 мың теңге, 2016 жылғы 4-тоқсан), халықтың жан басына шаққандағы ақшалай орташа табыстары - 8,8% (76,7 мың теңге 4) өсті.

Денсаулық сақтау саласында балалардың өлім-жітімі 42,2%-ға азайды. Бала туу коэффициенті 7,6% - ға төмендеді (2017 жылдың 2 айы), өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 9,1% - ға (2017 жылдың 2 айы), ана өлімі 9% - ға өсті.

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88, 8 (7212) 50 56 22

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (8212) 50 56 22 
сенім телефонына хабарласа аласыз.