Қарағанды облысының 2017 жылдың қантар-сәуір айының әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы.

Өнеркәсіптік өндірістің көлемі 701,1 млрд. теңге немесе 2016 жылдың деңгейіне 105,5% құрады.

Индустриализация картасының шеңберінде 2017 жылы 376 жаңа жұмыс орындарын құрумен 5,6 млрд. теңге сомасына 5 жоба жүзеге асырылатын болады (2016 жылы 102,9 млрд. теңге сомасына 10 жоба, 956 жаңа жұмыс орны құрылды).

Ауыл шаруашылығында 32,1 млрд. теңгеге немесе 2016 жылдың деңгейіне 100,7% көлемінде жалпы өнім өндірілді.

Ірі қара басы 2,5%-ға, жылқы басы 6,6%-ға, құс басы 3,5%-ға артты. Ет өндірісі – 1,2%, сүт өндірісі 5,4%-ға артты.

Негізгі капиталға инвестициялар 66,2 млрд. теңгені құрап, 1,2%-ға өсті. Инвестициялық құрылымында 81,1% - меншікті қаражат, 11,5% - бюджеттік қаражат, 4,0% - банктердің кредиттері, 3,5% - басқа да қарыз қаражаты құрады.

Құрылыс жұмыстары 25,2 млрд. теңге сомасына орындалды, баспананың 114,3 мың ш. метрі енгізілді.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенді субъектілерінің саны 2017 жылдың 1 мамыр 79 542 бірлік.

Облыс бюджеті 2017 жылдың 1 мамырға жағдайы бойынша 294,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, несиелер және трансферттер – 55,7%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 161,5 млрд. теңге бағытталды (54,9%), олардан білім беруге – 96,3 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 30,8 млрд. теңге. 2017 жылдың қаңтар-сәуірде мемлекеттік бюджетке 126,1 млрд. теңге көлемінде кірістер түсті.

2017 жылдың сәуір айында 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда қызмет пен тауарға тұтынушылық баға индексі 102,8%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі – 104,7%, азық-түліктік емес тауарларға – 101,9%, ақылы қызметтерге – 101,2%-ды құрады.

Әлеуметтік сала.

Жұмысқа орналастыру қызметі арқылы 9 640 адам жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 2 692 адам.

Жұмыссыздық деңгейі – 4,9% (1 тоқсан 2017 жылы).

Орташа айлық еңбекақы 2017 жылдың 1 тоқсанында 127 254 теңгені құрады (өсім 7,3%).

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (7212) 50 77 88
сенім телефонына хабарласа аласыз.