Қарағанды облысының 2017 жылдың қаңтар-ақпан айының әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы

     Өнеркәсіптік өндірістің көлемі 339,7 млрд.теңге немесе 2016 жылдың деңгейіне 104,6% құрады.

     Индустриализация картасының шеңберінде 2017 жылы 481 жаңа жұмыс орындарын құрумен 14,3 млрд. теңге сомасына 6  жоба жүзеге асырылатын болады (2016 жылы 102,9 млрд. теңге сомасына 10 жоба, 956 жаңа жұмыс орны құрылды).

     Ауыл шаруашылығында 13,8 млрд. теңге көлемінде жалпы өнім өндірілді.

     Ірі қара басы 1,9%-ға, жылқы басы 7,9%-ға артты. Сүт өндірісі – 3,9% артты.

     Негізгі капиталға инвестициялар 23,6 млрд. теңгені құрап, 2,2%-ға өсті. Инвестициялық құрылымында 85,1% - меншікті қаражат, 5,2% - бюджеттік қаражат, 7,3% - банктердің кредиттері, 2,3% - басқа да қарыз қаражаты құрады.

     6,9  млрд. теңге сомасына құрылыс жұмыстары орындалды, баспананың 45,5 мың кв. метрі еңгізілді.

     Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің саны 2017 жылдың 1 наурызға 79 206 бірлік.

     Облыс бюджеті 2017 жылдың 1 наурыз жағдайы бойынша 270,6 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, несиелер және трансферттер – 55,3%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 159,3 млрд. теңге бағытталды (58,9%), олардан білім беруге – 99,6 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 29,1 млрд. теңге. 2017 жылдың 1 наурызға мемлекеттік бюджетке 56,3 млрд. теңге көлемінде кірістер түсті.

     2017 жылдың қаңтар айында 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда қызмет пен тауарға тұтынушылық баға индексі 101,1%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі – 101,9%, азық-түліктік емес тауарларға – 100,4%, ақылы қызметтерге – 100,9%-ды құрады.

     Әлеуметтік сала.

     Жұмысқа орналастыру қызметі арқылы 3 502 адам жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 1 434 адам.

     Жұмыссыздық деңгейі – 4,9% (4 тоқсан 2016 жылы).

     Орташа айлық еңбекақы 4 тоқсан 2016 жылдың 136 262 теңгені құрады (өсім 14,2%).

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (7212) 50 77 88
сенім телефонына хабарласа аласыз.