Экономика және қаржы басқармасының алқа отырысы туралы

     2017 жылдың 23 қаңтарында облыс әкімінің бірінші орынбасарының қатысуымен «Басқарманың 2016 жылға арналған жұмыстың қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттер» атты тақырыпта Экономика және қаржы басқармасының алқа отырысы өтті.

     Экономика және қаржы басқармасының басшысы О.М. Чернявская 2016 жылда жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы баяндады.

     Облыста іске асырылатын  стратегиялық құжаттардың басты бағыттары айтылды, олар: 2016-2020 жылдарға арналған облыстың даму Бағдарламасы, 2017-2021 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік – экономикалық даму болжамы. Облыс бюджетінің орындалуы.

     Жалпы өңірлік өнімнің нақты өсімі 2017 жылы 1,8%, 2018 жылы 2,1%, 2019 жылы 2,8%, 2020 жылы 3% және 2021 жылы 3,4% деңгейлерінде болжануда. Номиналды ЖӨӨ, болжам бойынша 2017 жылдың 3,5 трлн.теңгесінен бастап 2021 жылдың 4,7 трлн.теңгесіне дейін өсетін болады.

     Өнеркәсіптің орташа жылдық өсу қарқыны 3,4%-ды құрайды, оның ішінде, өңдеуші өнеркәсіпте – 2,1%, кен өндіру – 3,8%.

     Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің орташа жылдық өсім көлемі 1,9% деңгейінде, құрылыс саласында – 1,4% - ға, көлік қызметтерінде - 4,3% - ға, сауда – 0,7% - ға болжанды.

     Экономика және қаржы басқармасының басшысы О.М. Чернявская өзінің баяндамасы барысында әлемдік экономика дамуының басты бағыттары туралы айта кетті. Сарапшылардың пікірінше, экономикалық даму мынадай негізгі бағыттармен айқындалатын болады:

     Бірінші: Америка әлемдік экономикаға өз ықпалын сақтап қалады.

     Екінші: Қытай даму қарқынын баяулатады.

     Үшінші: әлемдік тауар биржаларында шикізат материалдары арзандауы мүмкін.

     Төртінші факторы еуроаймақтағы экономикалық және қаржылық тәуекелдер болып табылады.

     Мемлекеттік қолдау шаралары облыс экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді. 2016 жылы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың аясында облыста 74,9 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінді. 2017 жылдың 1 қаңтарына 72,2 млрд. теңге немесе 96,5% игерілді.

     Облыс бюджетіне түскен түсімдердің көлемі 247,3 млрд. теңге немесе жоспарлы 98,4% (251,3 млрд.тг).

     Меншікті кірістер бойынша жоспардың орындалуы 102,4% көлемде қалыптасты. Барлық аудандармен және қалалармен меншікті кірістер жоспары орындалды.

     Облыс бюджетінің шығыс бөлігінің көрсеткіші 2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 244 млрд. 501 млн. теңге немесе 96,1 %-ды құрады, жоспар бойынша 254 млрд. 293 млн. теңге.

     2016 жылға облыстың әлеуметтік – экономикалық дамудың басты көрсеткіштері оң динамикаға қол жеткізді.

     Өнеркәсіп өсімі 4,9%-ға (1 трлн. 895,7 млрд. теңге), өңдеудегі өсуі 7,2% - ға, ауыл шаруашылығында 8,6% - ға қамтамасыз етілген. 340,8 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді, 2015 жылға қарағанда 6,3% - ға артық.

     Сондай-ақ, 2017 жылға міндеттер анықталды:

     - қалалар мен аудандар әкімдерімен бірлесіп барлығын талдау, резервтерді пайдалану, даму перспективаларын анықтау және экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша жоспарланған параметрлердің орындалуын қамтамасыз ету.

     - экономиканың тұрақты өсуін кемінде 1,8%-ға қамтамасыз ету.

     - нәтижеге бағытталған бюджет қаражатын жоспарлау арқылы индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмысты үйлестіру;

     - бюджеттің кірістері мен шығыстарын 100% - ға орындау;

     - бағдарламалық құжаттарында белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізу (мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар, облыстың даму бағдарламасы);

     - Жезқазған, Сәтбаев қалаларының, Ұлытау ауданының Кешенді даму жоспарын орындау бойынша жұмысты үйлестіру;

     - өнімді жұмыспен қамту және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға қолданатын шараларға ықпал ету;

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88, 8 (7212) 50 56 22

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (8212) 50 56 22 
сенім телефонына хабарласа аласыз.