Облыстың 2017 жылғы қаңтар айындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары туралы

     Ағымдағы жылдың басында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері оң серпінде байқалады.

     Жүргізілген SWOT-талдаудың қорытындысы бойынша экономиканың дамуы ағымдағы жылы оң нәтижелерге қол жеткізілген экономикада күшті жақтарын, одан әрі өсудің мүмкіндіктері мен тәуекелдерін анықтауға мүмкіндік береді.

     Облыс дамуының күшті жақтары:

     индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік Бағдарламасы аясындағы жаңа жобалардың өткен жылы енгізілген 10-ның ішінен 6 жүзеге асыру есебінен өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,7 млрд. теңгемен қамтамасыз етілді.

     ағымдағы жылдың қаңтар айында металлургия саласында қолда бар экономикалық әлеуеті есебінен 98,4 млрд. теңгеде өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9% - ға артық (2016 ж. қаңтары – 77,1 млрд.теңге).

     фармацевтикалық өнімді шығарудағы инновациялық әлеуетін іске асыру саладағы көлем өсімін 38,7%-бен қамтамасыз етті (129,3 млн.теңге).   

     Сондай-ақ, тау-кен металлургиясы саласы мен машина жасаудың 90-нан 100%-ға дейінгі қуаты өнеркәсіп көлем өсіміне әсер етеді.

     Экспортқа бағдарланған салалары бойынша: өткен жылдың сәйкес кезеңіне 2% өсімімен 98,3 млрд. теңгеде   қара және түсті металлургиядан өнім өндірілді.

     Нәтижесінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсімі ағымдағы жылдың қаңтар айында 5,6% - ды немесе 159,9 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі жөнінде Қарағанды облысы республика бойынша 4 орында тұр.

     Кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен жылдың сәйкес кезеңіне 0,4% өсті, 86,1 мың бірлікті құрады.

     Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 43,4% - ға қамтамасыз етілді.

     Құрылыс секторында 1,9 млрд. теңгеде құрылыс жұмыстарының көлемі орындалған. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 79,2% өсімімен 40,1 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді (2016 ж. қаңтары – 22,4 мың шаршы метр тұрғын үй).

     Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің жоспары 174%-ға (9,4 млрд.теңге) орындалды.

     «Транспорт» саласында жүк айналымының көлемі ағымдағы жылдың қаңтар айында 699 млн. т-км немесе 2016 жылдың қаңтарына 102%-ды құрады. Осы көрсеткіш бойынша облыс республикада 5-ші орында тұр. Жолаушылар айналымының көлемі 3,7% - ға өсіп, 3 млрд. жкм құрады.

     SWOT-талдау нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығында өнімділікті ұлғайту (2016ж.-13,3 ц/га), ылғал үнемдейтін іс-шараларды пайдалану (580 мың гектар немесе 78,3% дәнді дақыл жиналды, бұл 2015 жылдың деңгейінен 30 мың га көп және өнімділіктің 44,3%-ға ұлғаюына ықпал етті), мемлекеттік қолдау (2016 ж. нақты - 10,4 млрд.теңге, 2017 ж. жоспар – 7,7 млрд.теңге) күшті жақтары болып табылады.

     2017 жылға арналған экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар Жоспары актуализацияланған, онда 96 өнім түрлерін (2016 жылы 89 өнім түрлеріне мониторинг жүргізілді) және 385 жобаны (325 жоба) жүзеге асыру енгізілді, оның ішінде:

     - өнеркәсіпте: 96 өнім түрлері, 206 жоба;

     - ауыл шаруашылығында: 62 жоба;

     - құрылыста: 129 жоба.

     2017 жылы экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асыру мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік береді:

     өнеркәсіп өсімі 1,9% - ға (2017ж. – 1,9 трлн.теңге), ауыл шаруашылығында – 1,7% - ға (236 млрд. теңге), құрылыста - 1% - ға (150,4 млрд. теңге), көлікте – 4,1% - ға.

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88, 8 (7212) 50 56 22

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (8212) 50 56 22 
сенім телефонына хабарласа аласыз.