Қазақстанда «Мемлекеттік қызметтегі әдеп» атты мобильдік қосымша әзірленді

     Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексінің  нормаларына жалпыға қол жетімділігі мақсатында  «Мемлекеттік қызметтегі әдеп» атты арнайы мобильдік қосымша әзірленді.

     Қосымшада мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының негізгі талаптарының жадынамасы және олардың киімдеріне ұсынымдар, өңірлердің және мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері туралы ақпарат, сондай-ақ, «Идеалды мемлекеттік қызметшіні» анықтау тестін табуға болады.

     Осы жаңашылдықты белгілі Appstore, Android және Windows store платформаларында жүктеуге болады.

     Осылайша, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы елдің уәкілетті органымен халық арасында және мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша тағы бір маңызды қадам жасалған.

etika mobilnoe prilozhenie rus

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88, 8 (7212) 50 56 22

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (8212) 50 56 22 
сенім телефонына хабарласа аласыз.