2016 жылға арналған облыс бюджетінде қосымша кірістерді іздестіру жөніндегі Жоспарын орындау қорытындылары туралы

      2017 жылдың 16 қаңтарында облыс әкімі Н.Қ. Әбдібековтің төрағалығымен селектор режимінде келесі мәселелер бойынша аппараттық кеңес өткізілді:

  1. Қарағанды облысында 28-ші Дүниежүзілік қысқы 2017 ж. Универсиада өңірлік кезеңінің Эстафета Алауын дайындау және өткізу.
  2. 2016 жылға жергілікті бюджетке қосымша кірістерді іздестіру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын орындау барысы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі шаралар шеңберінде алдағы кезеңдерге арналған міндеттер туралы.
  3. 2016 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мәселелері туралы.

      Екінші мәселе бойынша баяндамамен экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Митрофановна Чернявская сөз сөйледі.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысын орындау барысында 2016 жылы 3,7 млрд.теңге көлеміндегі 15 пункттен облыс бюджетінде қосымша кірістерді іздестіру бойынша іс-шаралар Жоспары жұмыс істеді. 2016 жылдың қарашасында мемлекеттік кіріс департаментімен, өңірлер әкімдерімен және уәкілетті жауапты органдармен бірлесіп, іс-шаралар Жоспары 3,7 млрд. теңгеден 4,2 млрд. теңге дейін ұлғаю жағына қарай түзетілді.

      2017 жылдың 1 қаңтарына іс-шаралар Жоспарын жүзеге асырудан бюджетке қосымша 4 млрд. 757 млн. теңге түсті немесе 112,5% жылдық жоспар-тапсырмадан 112 мың бойынша 838 салық төлеушілер төлемге тартылған. Іс-шаралар жоспарының барлық 15 пунктері бойынша және барлық аймақтармен жоспар-тапсырма орындалды.

      Жыл ішінде жұмыс топтарымен өңірлердің әкімдіктері жанында 144 кеңес өткізілді, жалдамалы қызметкерлердің санын, еңбек ақы қорын азайтатын және бейресми жұмыспен қамтитын 568 кәсіпорын қаралды. Өткізілген әңгіменің қорытындысы бойынша өңірлердің бюджетіне 579,6 млн. теңге немесе 108% түсті, жоспарлы 536,5 млн. теңге.

      «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарын бекіту туралы» іс-шаралар Жоспарының «көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл» тарауы бойынша 14 іс-шарадан (ҚР бойынша барлығы 66 іс-шара) 7 іс-шара жергілікті атқарушы органдар бойынша (ҚР бойынша 28 іс-шара) толығымен орындалды.

       Жауапты өкілетті органдармен орындалған жұмыс қорытындысы бойынша 2016 жылға арналған іс-шаралар Жоспарының «көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл» тарауының 6 іс-шарасы бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне жолданды. Іс-шаралар Жоспарының бір тармағы бойынша «Қолданыстағы ақпараттық жүйені пысықтау»  орындау мерзімі – 2017 жылдың төртінші тоқсаны.

       Жиналыс қорытындысында Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Үкіметтің 2016 жылғы 9 қыркүйекте кеңейтілген отырысында берілген Қазақстан Республикасы Мемлекет Басшысының тапсырмасы аясында аудандар мен қалалардың әкімдерімен, облыстық уәкілетті және аумақтық органдармен бірлесе отырып 2017 жылға салық салу базасын кеңейту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге тапсырма берді.

Байланыс

Мекен-жайы: 100008, Қарағанды облысы

Қарағанды  қаласы, Ә. Әлиханов көшесі  13.

Тел: 8 (7212) 50-77-88, 8 (7212) 50 56 22

Электронды мекен жай: upr_fin@krg.gov.kz

Cенім телефоны

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін
8188938 w640 h640 lip 8002a 018 (8212) 50 56 22 
сенім телефонына хабарласа аласыз.